Қабылдау комиссияларының байланыстары

CNPC делегациясының академияға сапары

Ағымдағы жылдың 24- сәуірі күні Қазақ ұлттық хореография академиясына Petro China Company Limited президенті, CNPC вице-президенті Хуан Юнчжан мырза бастаған «Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы» делегациясы ресми сапармен келді.

Ұйымдастырылған экскурсия аясында Қытай Халық Республикасынан келген қонақтар академияның инфрақұрылымымен үлкен қызығушылықпен танысты, сонымен қатар Хуан Юнчжан мырза құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдыра отырып, мұражайды аралады. Олар академияның өнер майталмандарына асқан құрметпен қарайтындықтан оқу театрына аялдап, жеткіншектердің мың бұралған билеріне куә болды.

Академияның жағдайын жақсартуда “CNPC” компаниясы тұрақты қолдау көрсетіп жүргенін атап өткен жөн. Естеріңізге сал кетсек, бұл орданың құрылысына Қытайдың «CNPC» ұлттық мұнай-газ корпорациясы мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ демеушілік жасаған болатын.

Яндекс.Метрика