Қабылдау комиссияларының байланыстары

COVID-19 пандемиясы кезіндегі құқық және әлеуметтік ғылымдар

Құрметті әріптестер,

Сіздерді 2021 жылдың 16-17 сәуір күндері Сулейман Демирель атындағы Университет Құқық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің ұйымдастыруымен онлайн форматта өтетін халықаралық конференцияға шақырамыз.

Конференцияның тақырыбы – “COVID-19 пандемиясы кезіндегі құқық және әлеуметтік ғылымдар”. Бұл тақырып аталған індеттің құқық, халықаралық қатынастар, журналистика, мемлекеттік басқару және адам құқықтары салаларына қалай ықпал еткенін талқылауды дамыту үшін таңдалған. Конференция аталған салалар бойынша әлемнің түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген зерттеушілерге, кәсіби мамандарға, докторанттар мен магистранттарға ортақ алаң ұсынады. 

Конференция ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде өтеді.

Конференцияға тіркелу және мақала/ кеңейтілген аннотация жіберу 2021 жылдың 20 наурызына дейін ашық. Толығырақ мәліметті қосымшадағы ақпараттық хаттан және конференция сайтынан табуға болады: sdu.edu.kz/kz/iclsskz 

Сұрақтарыңыз болған жағдайда iclss@sdu.edu.kz электронды поштасына хат жолдауларыңызды сұраймыз. 

Ақпараттық хат

Яндекс.Метрика