Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Jas Otan» жастар қанатының тұсаукесері

2021 жылдың 4 ақпанында Қазақ ұлттық хореография академиясында бакалавриат студенттері үшін «Jas Otan» жастар қанатының Астаналық филиалы қызметінің онлайн – тұсаукесері өтті.

​ ​«Jas Otan» жастар қанатының елордалық филиалының төрағасы Бақдәулет Болатұлы Жанділдаев өткізген іс-шараға тәрбие жұмысы жөніндегі директор Алишева Алила Турсумбаевна, тәрбие және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы Токкожина Дана Казакбаевна және ұйымдастырушы-педагог Нұрманов Казбек Мейрамұлы қатысты.

​ ​Тұсаукесер барысында спикер бүкіл студенттік қауымдастық үшін «Jas Otan» жастар қанатының саясатына, сондай-ақ оның студенттік жастармен жүргізілетін жұмыстың мақсаттары мен жоспарларына қатысты өзекті тақырыптарды қозғады.

«Jas Otan» өз қызметімен белсенді, патриоттық жастарды қалыптастыруға ықпал етеді, оның барлық бастамаларын қолдайды және елорданың қоғамдық өміріне студенттік қауымдастықты тартады.

​ ​Кездесу қорытындысы бойынша студенттердің «Jas Otan» мен Академия арасындағы ынтымақтастыққа қатысты сұрақтарына жауаптар берілді.

Яндекс.Метрика