Жаңа оқу жылында оқу форматын түсіндіру бойынша сall-орталық номерлері: +7 (7172) 798-589 (КББ мектеп-колледжі), +7 (7172) 790-844 (ЖОО)
Виртуалды қабылдау: support@balletacademy.kz

Халықаралық сұхбат алаңы

2020 жылғы 23 мамырда «Ұстаз жолы (координаттар жүйесі)» тақырыбында «Халықаралық сұхбат алаңы» онлайн-жобасының үшінші шығарылымы өтті. Жобаның авторы – педагогика кафедрасының аға оқытушысы, ҚР СБФҚ төрешісі Евгений Сергеевич Моисеев.

Жоба қонағы – Ресейдің екі дүркін чемпионы, латынамерикандық секвей бойынша кәсіпқойлар арасындағы Германия және Голландия Ашық чемпионаттарының күміс жүлдегері, Германия, Ұлыбританияда өткен латынамерикандық бағдарлама бойынша турнирлердің жеңімпазы – Романова Эльвира Владиславовна. Педагогикалық және төрешілік тәжірибесі мол, сондай-ақ Барбара Амброштың жаттықтырушылар мен бишілерге арналған  білім беру кітабының аудармашысы.   

«Халықаралық сұхбат алаңы» онлайн-жобасын одан әрі жалғастыру жоспарланып отыр, себебі алған ақпарат, білім және әріптестердің тәжірибесі еліміздегі спорттық бал билері бойынша болашақ ұстаздардың келешекте табысты болуына септігін тигізетіні сөзсіз!

Барлық қатысушыларға зор денсаулық және сүйікті ісін танып білуде үлкен шабыт тілейміз!

 

Яндекс.Метрика