Қабылдау комиссияларының байланыстары

Халықаралық сұхбат алаңы – Елена Владимировна Успенская

2020 жылғы 2 мамырда «Чемпион жолы» тақырыбында «Халықаралық сұхбат алаңы» онлайн-жобасының екінші шығарылымы өтеді. Жобаның авторы – педагогика кафедрасының аға оқытушысы, ҚР СБФҚ төрешісі Евгений Сергеевич Моисеев.

Жоба қонағы – еуропалық бағдарлама бойынша 4 мәрте Ресей Чемпионы және 2 мәрте Әлем кубогының иегері, еңбек сіңірген спорт шебері, WDSF Халықаралық санаттағы төреші, Мәскеу облысы спорт министрінің кеңесшісі, «Елена Успенская» Би академиясының негізін салушы Елена Владимировна Успенская.

«Халықаралық сұхбат алаңы» онлайн-жобасы шығармашылық жоғары оқу орындарының «Спорттық бал биінің педагогикасы» мамандануы бойынша білім алушыларға, сондай-ақ дәріс беретін оқытушыларға арналған.

«Халықаралық сұхбат алаңы» онлайн-жобасын одан әрі жалғастыру жоспарланып отыр, себебі алған ақпарат, білім және әріптестердің тәжірибесі еліміздегі спорттық бал билері бойынша болашақ ұстаздардың келешекте табысты болуына септігін тигізетіні сөзсіз!

Барлық қатысушыларға зор денсаулық және сүйікті ісін танып білуде үлкен шабыт тілейміз!

Яндекс.Метрика