Қабылдау комиссияларының байланыстары

Көрнекті педагог Тойған Ізімнің 70 жылдығы

Қазақ ұлттық хореография академиясы ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі, өнертану кандидаты, профессор Ізім Тойған Оспанқызының мерейтойына арналған мерекелік іс-шараға шақырады.

Тойған Оспанқызының 70 жылдығы – Қазақ ұлттық хореография академиясы үшін ғана емес, бүкіл қазақстандық өнер үшін маңызды оқиға. Тойған Оспанқызы көп жылдар бойы ұлттық өнер мен мәдениеттің дамуы мен қалыптасуына, сондай-ақ білім мен ғылымның деңгейін арттыруға баға жетпес үлес қосты. Оның жетекшілігімен еліміздегі алғашқы қазақ биінің анықтамалығы әзірленді, онда барлық базалық білім көрсетіліп, жүйеленген.

Кәсіби қазақ биінің пайда болуы мен дамуы Шара Жиенқұлова, Дәурен Әбіров, Әубәкір Ысмаилов, Нұрсұлу Тапалова және тағы басқа сияқты отандық өнер аңыздарынан бастау алған, Тойған Оспанқызы ұлы хореографтардың ізбасары бола отырып, болашақ ұрпаққа құнды білімді сақтап, табыстайды. Бүгінде қазақ биі Ізім Тойған Оспанқызы сияқты мәдениет қайраткерлерінің еңбегінің арқасында отандық қана емес, халықаралық сахнада да көрсетіліп, өрлеуді бастан кешуде.

Мерекелік іс-шара 2021 жылдың 5 қыркүйегінде Академияның YouTube-арнасында өтеді.

Яндекс.Метрика