Қабылдау комиссияларының байланыстары

Әлеуметтік-саяси жаңғырудың посткеңестік модельдері: 30 жылдық тәжірибе

2021 жылдың 11 желтоқсанында Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің саясаттану және әлеуметтану кафедрасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Әлеуметтік-саяси жаңғырудың посткеңестік модельдері: 30 жылдық тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты: посткеңестік кеңістіктегі елдердің әлеуметтік-саяси модернизациясының өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасу және пікір алмасу, бірыңғай ғылыми және білім беру кеңістігін сақтау және дамыту; ТМД елдерінің жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы арасындағы ғылыми байланыстарды жандандыру, білім алушылар мен оқытушылар арасында академиялық ұтқырлықты күшейту.

Конференция аясында келесі бағыттар бойынша жұмыс жоспарлануда:
– Модернизацияның посткеңестік модельдері: әлеуметтік-саяси контекст.
– Қазіргі әлемдегі интеграциялық процестер: жетістіктер, проблемалар және даму перспективалары
– Қауіпсіздік, қылмысқа және терроризмге қарсы күрес саласында жаһандық деңгейдегі өзара іс-қимыл және ынтымақтастық
– Covid-2019 пандемия жағдайындағы ғылыми және білім беру кеңістігі: проблемалар мен перспективалар.

Яндекс.Метрика