Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ұлы даланың ұлы тұлғалары

Қазақ ұлттық хореография академиясы 2024 жылдың 9 сәуірінде өтетін «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады.

Тұлғалық және мемлекеттік даму тәжірибесін уақтылы ұғыну қазіргі қоғамның алға жылжуының маңызды шартына айналады, мәдениеттің өзара әрекеттесуі жағдайында ұлттық бірегейлік нысандарын зерттеудің жаңа болжамдық тәсілдерін әзірлеу қажеттілігін білдіреді. Осыған байланысты адамның тағдыры, оның рухани құндылықтары, өз халқының мәдениетіне, біліміне, өнеріне қосқан кәсіби үлесі – үнемі зерделеуге лайықты сала.

Біз адам мен дәуір арасындағы байланыс мәселесіне қызығушылық танытқан әрбір адамды диалогқа шақырамыз. Біздің замандасымыз кімді «ұлы» тұлғалар санатына жатқызуға дайын және неге? «Ұлылық» – бұл уақытша санат па немесе дәуір құндылықтарына тәуелді ме, субъективті немесе ұжымдық бағалау параметрлері бар санат па? Конференцияға қатысушылар педагогтарды, докторанттар мен магистранттарды диалогқа тартып, ортақ пікірдегі әріптестерін таба алады деп сенеміз.

2024 жылдың мерейтойлық күндеріне сілтеме өмірі мен игі істері еліміздің өркендеуімен қатар жүріп, әсерін тигізген керемет адамдардың есімдерін таңдауға көмектеседі.1 Шет елдердің белгілі тарихи тұлғалары туралы зерттеулер құпталады, олардың тәжірибесі бір жеке мемлекеттің дамуы үшін айқын болып табылады.

Конференцияға қатысуға Қазақстан Республикасының және жақын, алыс шет ел жоғары оқу орындарының ғалымдарын, оқытушылары мен студенттерін, магистранттары мен докторанттарын, сондай-ақ орта және кәсіптік мектептердің оқытушыларын шақырамыз. Конференция аясында пленарлық отырыс, дөңгелек үстел, белгіленген бағыттар бойынша ғылыми пікір-таластар өткізіледі.

Конференциямыздың мақсаты – білім, ғылым, өнер саласында пікір және идея алмасу үшін жағдай жасау және шығармашылық зиялы қауымның қазіргі Қазақстанның мәдениетін, өнерін және білімін қалыптастыруға қосқан үлесіне баға беру.

Конференция барысында келесі секциялар жұмыс істейді:
1. Өнер мен ғылымдағы жеке тұлға.
2. Мәдениетаралық өзара әрекеттесуді қалыптастырудағы жеке тұлғаның рөлі.
3. Қазақстандағы креативті индустриялар: талдау және даму перспективалары.
4. Цифрлық технологиялардың мәдениетке және шығармашылық тұлғаның қалыптасуына әсері.
5. Мәдени құндылықтарды сақтау мен таратудағы өнердің маңызы.

Хореография академиясы 9 сәуір 2024

Яндекс.Метрика