Қабылдау комиссияларының байланыстары

Мәдениет пен ғылымның өзара іс-қимылы: Қазақ ұлттық хореография академиясында ҚР ҰҒА академгі К. А. Құрманалиевпен кездесу

2024 жылғы 14-15 наурызда Атырауда III Ұлттық құрылтай отырысы өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Адал адам- Адал еңбек- Адал табыс” тақырыбында баяндама жасаған болатын. Ұлттық құрылтайда көтерілген ұлттық құндылықтарды түсіндіру мақсатында бүгін Қазақ ұлттық хореография академиясының қабырғасында Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Кәрімбек Арыстанбекұлы Құрманалиевпен кездесу өтті.

Іс-шараға еліміздегі ғылым, білім және мәдениетті дамытудың маңызды аспектілерін талқылау мақсатында Академияның ректоры, оқытушылары мен студенттері қатысты. 

К. А. Құрманалиев өз сөзінде ғылым мен білімге басымдық беретін ел әлемдік қоғамдастықта көшбасшы болатынын атап өтті; күш-жігер мен инновация ғылыми тәсілдің іргелі қағидаттарына негізделуі тиіс.

Кездесуде ұлттың бірлігі мен ынтымақтастығы қиындықтарды жеңуде және ортақ мақсаттарға жетуде маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
Қ.А. Құрманалиев өнер мен мәдениетті дамытуға қатысатын адамдардың маңыздылығын атап өтіп, «Театр – бұл шынайы өнер туатын жер, әр сөз, әр қозғалыс шабыттандыруы керек», – деп өз пікірін білдірді.

Кездесу студенттердің қызықты сұрақтарымен аяқталды, ал ректор Қ.А. Құрманалиевке сыйлық ретінде халық әртісі Шара Жиенқұлованың кітап-альбомын табыс етті.

Яндекс.Метрика