Қабылдау комиссияларының байланыстары

Өнерге қанат қаққандар

27 мамырда Қазақ ұлттық хореография академиясы оқу театрының сахнасында академиямыздың ұстаздарынан хореография мен музыкадан дәріс алған балалардың шығармашылық концерті өтті.

Концертке 6 мен 13 жас аралығындағы балалар қатысты. Сахнадағы және залдағы атмосфера өте салтанатты болды. Қатысушылар үйренген білімдерін жан-жақты көрсетті. Ата-аналар салтанатты жиын тамашалау барысында әрі қуанып, әрі қобалжыды. Концерттің жүргізушілері – өнертану факультетінің студенттері Ықыласова Ажар мен Батхан Әли іс-шараның көркін кіргізді.

Көрермен назарына барлығы 24 концерттік номер ұсынылды, оның ішінде хореографиялық қойылымдар мен фортепианолық қойылымдар бар. Сахнаға шыққан әрбір студент өзінің өнерімен, ерекше дарындылығымен, сан алуан костюдерімен есте қалды.

Шара соңында жыл бойына осы жұмысты ұйымдастырған қосымша білім беру және біліктілікті арттыру секторының басшысы Мансурова Лаура Маратқызы барша концертке қатысушыларды сахна төріне шақырып, оларды салтанатпен құттықтау рәсімі өтті. Шығармашылық жылдың соңына орай әр балаға ұстаз шығармашылық тұлғаның жеке дипломын берді: әрбір ұстаз өзінің жас шәкіртімен махаббатпен жыл соңын аяқтады.  

Өз кезегінде балалар жыл бойы фортепианоға, ырғақ негіздері, музыка мен бидің қыр-сырына қанығып, олармен жұмыс істеуге үйреткен мұғалімдеріне жүрек пішіндес ашық хаттарымен алғыстарын білдірді. Хореография бойынша тәлімгерлеріміз: Сахова Гульжамал Адилхановна, Бакытбеккызы Жанар, Бекали Айза Әділетқызы, Житковец Екатерина Евгеньевна, Тұрлыбай Аружан Жарасқызы. Фортепиано дәрістері бойынша – Бикенова Айгуль Сергеевна, Бданова Альбина Сериковна, Жакупова Асель Муратовна, Нурпеисова Алия Ериковна, Шибутова Шынар Булатовна, Каирберген Избасар Ербулатулы и Тайбергенова Асель Булатовна жыл бойы еңбек еткенін естеріңізге сала кетейік.   

 Ал кеш балалардың тәлімгерлерімен, достарымен және ата-аналарымен естетік фотосессиясымен аяқталды!

 

Яндекс.Метрика