Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ағылшының қалай, балақай?

Ағымдағы жылдың 26 мамыры күні Қазақ ұлттық хореография академиясының акт залында «Шетел тілі» пәнін оқыту аясында сөйлеу белсенділігін арттыруға, танымдық, интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауға бағытталған «Surprise me» атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Білім алушылардың ағылшын тілін меңгеру бағыты шығармашылық белсенділік арқылы қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылды. Іс-шараны ұйымдастырушылар ағылшын тілі пән оқытушылары: Ж А.Қ. Қыпшақбаева, З.С. Амреева, А.Е. Надирбекова. 

Іс-шараға 2-8 сынып оқушылары мен 1 курс Арт-менеджмент студенттері қатысты. Білім алушылар ағылшын тілдерінде белгілі ақындардың өлеңдерін жатқа оқып, шығарма үзінділерінен театрландырылған қойылымдар қойды.

Білім алышулардың ағылшын тілін танымдық және қарым-қатынас құралы ретінде қолдану, тілдік тәжірибеде жетілдіруге бағытталған іс-шара өз нәтижесін жоғары деңгейде көрсетілді.

Яндекс.Метрика