Қабылдау комиссияларының байланыстары

Оңалту және спорттық кинезиология орталығының өкілімен кездесу

Құрметті Академия оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері!

2022 жылғы 8 желтоқсанда Сіздерді ортопедиялық және нейро-оңалту саласындағы «Кинетик» оңалту және спорттық кинезиология орталығының оңалту дәрігері Сайлаубек Әлішер Арманұлымен кездесуге шақырамыз. Орталық жарақаттан кейінгі оңалтудың барлық кезеңдері, созылмалы буын ауруы тренингтері, кәсіби спортшылардың дене шынықтыруы, фитнес тренингтері, балалар мен ересектерге арналған тренингтер бойынша маманданған.

Оңалту дәрігері А.А. Сайлаубек тірек-қимыл аппаратының түрлі жарақаттарынан кейін дұрыс қалпына келтіру тақырыбы бойынша сөз сөйлейді.

Іс-шара сағат 14.00-де 462 аудиторияда өтеді.

Барлық ниет білдірушілерді кездесуге шақырамыз!

Яндекс.Метрика