Қабылдау комиссияларының байланыстары

Оқу-әдістемелік еңбектер әзірлеуге арналған оқыту семинары  

Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі 2020 жылғы 13 қарашада Академия профессор-оқытушылар құрамына  оқу-әдістемелік еңбектер әзірлеуге әдістемелік кеңес беру мақсатында оқыту семинарын ұйымдастырды.

Семинарда бөлім басшысы Г. Есенбекова, ең алдымен, жоғары оқу орны оқытушысының негізгі міндеттерінің бірі – өзі оқытатын пән бойынша оқу-әдістемелік басылымдар әзірлеу екендігін ескерте келе,  профессор-оқытушылар құрамына оқу-әдістемелік еңбектерді әзірлеу барысында басшылыққа алатын нормативтік-құқықтық құжаттар туралы ақпарат берді. Семинар барысында аталған әдістемелік еңбектерді әзірлеудің әдістемесімен, рәсімдеу, талқылау және бекітудің жолдарымен таныстырды. Сонымен қатар, оқытылатын пәндер бойынша әзірленетін әдістемелік ұсыным мен әдістемелік нұсқаулықтың өзіндік ерекшеліктерін көрсетіп, аталған еңбектерді жазудың озық тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар  оқу-әдістемелік еңбектерді әзірлеудің өзге де тиімді әдістерін талқылау және сұрақ-жауап форматына жалғасып, әдістемелік  кеңестер мен бағыт-бағдарлар берілді.

 

Яндекс.Метрика