Қабылдау комиссияларының байланыстары

Рухани жаңғыру және латын әліпбиіне көшу – болашаққа табысты қадам

2020 жылғы 25 қарашада Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы және Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру және латын әліпбиіне көшу – болашаққа табысты қадам» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел қонақтары:

– Нұрсәуле Мақсұтқызы Рсалиева, Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының мүшесі;

– Айнұр Аташбекқызы Сейтбекова, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Тіл тарихы және диалектология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Әдістемелік жұмыс тобының мүшесі;

– Гүлмира Қалыбайқызы Абдирасилова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Ауелбекова Ақмаржан Өсемханқызының кіріспе сөзінен бастау алған дөңгелек үстел Гүлмира Қалыбайқызы Абдирасилованың «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы»,  Нұрсәуле Мақсұтқызы Рсалиеваның «Жазу реформасын еңсерудің жеңіл жолы – ұлтжандылықты ояту» және Айнұр Аташбекқызы Сейтбекованың «Жаңа әліпбидің ұлттық сананы қалыптастырудағы қызметі мен маңызы» баяндамаларымен жалғасын тауып, латын әліпбиіне көшу – ұлттық тіліміздің тұғырын бекі­тіп,  ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, әлем қа­зақ­тарының рухани тұтастығын қамта­масыз ететін рухани жаңғыруға жасал­ған нақты да бірегей қадам екендігі ғылыми және танымдық тұрғыдан дәлелденді. Дөңгелек үстел қонақтары тәуелсіздігіміздің тұғырлы, елдігіміздің ғұмырлы болуы үшін латын графикасына көшудің маңыздылығының ерекше екендігіне баса назар аудара келе, жаңа әліпби мәселелерін кеңінен талдап, көпшілікті толғандырып жүрген сауалдарға жауап берді.

Дөңгелек үстел ғылыми және танымдық ақпараттарға толы, білімділік мәні жоғары шара болды.

Яндекс.Метрика