Қабылдау комиссияларының байланыстары

Халықаралық сұхбат алаңы          

2020 жылғы 20 қарашада «Ұшып үйренеміз» тақырыбында «Халықаралық сұхбат алаңы» онлайн-жобасының бесінші шығарылымы өтеді. Жобаның авторы – педагогика кафедрасының аға оқытушысы, ҚР СБФҚ төрешісі Евгений Сергеевич Моисеев.

«Халықаралық сұхбат алаңы» онлайн-жобасы шығармашылық жоғары оқу орындарының «Спорттық бал биінің педагогикасы» мамандануы бойынша білім алушыларға, сондай-ақ дәріс беретін оқытушыларға арналған.

Іс-шараға Елена Львовна Саватина – Нижний Новгород қ. «Локомотив» БСК жетекшісі және аға жаттықтырушысы, Бүкіл Ресейлік санаттағы төреші, WDSF халықаралық санаттағы төреші, Professional Division президиумының мүшесі де қатысып тәжірибесімен бөлісті.

«Халықаралық сұхбат алаңы» онлайн-жобасын одан әрі жалғастыру жоспарланып отыр, себебі алған ақпарат, білім және әріптестердің тәжірибесі еліміздегі спорттық бал билері бойынша болашақ ұстаздардың келешекте табысты болуына септігін тигізетіні сөзсіз!

Барлық қатысушыларға зор денсаулық және сүйікті ісін танып білуде үлкен шабыт тілейміз!

Яндекс.Метрика