Қабылдау комиссияларының байланыстары

Бакалавриат студенттерінің пікірталас турнирі  

Қазақ ұлттық хореография академиясының Жастар істері жөніндегі комитеті – бұл студенттердің мүдделерін білдіретін және Академияның жарқын, ғылыми, әлеуметтік және шығармашылық жобаларын іске асыру ісіне қатысатын белсенді шығармашыл жастардың бірлестігі.

2020 жылғы 30 қазанда Қазақ ұлттық хореография академиясында «Азаматтық қоғам және жастардың белсенділігі» тақырыбында Академияның Жастар істері жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен бакалавриат студенттерінің арасында іріктеу пікірталас турнирі өтті. Іс-шара Zoom платформасында американдық пікірталас форматымен екі команда арасында өткізілді.

Турнир аясында қазіргі Қазақстанның аса өзекті проблемаларының бірі – азаматтық қоғамды дамыту мәселесі қарастырылды. Бұл мәселеде демократиялық құндылықтар жүйесін меңгерген және елдің саяси өміріне белсенді қатысуға дайын қоғамдастық ретінде жастардың қалыптасуы, сондай-ақ жастардың мемлекеттің саяси бағытына әсер етуі маңызды орын алады. Студенттер еліміздің қазіргі саясатындағы жастардың атқаратын рөлін талқылап, бүгінгі күні көптеген қазақстандық жастардың азаматтық ұстанымы белсенді екендігін, жастардың қазіргі қоғамның саяси проблемаларына қызығушылық білдіріп, елдің ішкі саяси бағытын құруға қатысу мүмкіндігі жайында байыпты ойланатынын атап өтті.

Турнир соңында қатысушылар қатарынан үздік спикерлер таңдап алынды, олар Академия командасының құрамында Қазақстанның ірі жоғары оқу орындары командаларының арасында өтетін республикалық пікірталас турниріне қатысады.

Яндекс.Метрика