Қабылдау комиссияларының байланыстары

Қазақстан студенттері Альянсының Республикалық слеті

2020 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен онлайн-форматта Қазақстан студенттері Альянсының XVII республикалық слеті өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтің төрағалық етуімен өткен іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 300-ден аса белсенді жастар, оның ішінде арнайы орта және жоғары оқу орындарының жастар істері жөніндегі комитеттерінің төрағалары, жастар және студенттік ұйымдардың көшбасшылары, студент жастармен жұмыс жөніндегі департаменттердің басшылары, еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының проректорлары қатысты. Қазақ ұлттық хореография академиясының атынан слетке ұйымдастырушы-педагог  К.М. Нұрманов, Жастар істері жөніндегі комитеттің төрағасы, өнер факультеті «Арт – менеджмент» мамандығының 2 курс студенті  А.М. Сұлтанбай, сонымен қатар өнер және хореография факультеттерінен 10 студент қатысты.

Іс-шара басында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері жөніндегі комитетінің төрағасы Ш.А. Байманов сөз сөйледі. Ш.А. Байманов өз сөзінде қазақстандық студенттік  қозғалысты белсенді қоғамдық қызметінің 15 жылдығымен құттықтап, жастардың бастамаларын қолдау және студент жастардың өзін-өзі басқаруын дамыту мақсатында бүгінгі күні іске асырылып жатқан шаралар туралы айтты.

Сонымен бірге, қазақстандық білім беруді дамытудың аса өзекті проблемалары, білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқыту сапасына қойылатын заманауи талаптар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және жас мамандардың жұмысқа орналасуы сияқты мәселелер талқыланды.  Талқылауға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г.Г. Шиповских, «Атамекен» ҚР ҰКП Төрағасының орынбасары О.Т. Ордабаев қатысты.

Слет барысында «Ең үздік жастардың өзін-өзі басқаруы», «Дебаттық турнир» конкурсының жеңімпаздары, «Қазақстан алтын жастары» сыйлығының лауреаттары және т.б. арнайы сыйлықтармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Слетке қатысушылардың жұмыс қорытындысы бойынша қоғам мен биліктің толық құқылы диалогын білдіретін «еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұсынымдар әзірленіп, іске асыру үшін мемлекеттік атқарушы органдарға жіберілетін болды.

Яндекс.Метрика