Қабылдау комиссияларының байланыстары

READx: «Шыңғыс Айтматовты қайта оқу»

Кітапты дұрыс оқу – адамның алға ұмтылуына, шығармашылық жағынан да, рухани жағынан да жетілуіне мүмкіндік беретін бірегей білімге апаратын жол. 1 ақпан күні READx жобасы өз жұмысын жалғастырды.

Күн тәртібінде Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы. Кеңес және қырғыз жазушысы, оның халқы үшін жасаған еңбегі өзінің маңыздылығы жағынан халық эпосы «Манаспен» салыстыруға тұрарлық. Қырғыздар былай дейді: бірінші мыңжылдық ұлы жауынгердің ерлік хикаясының белгісімен, екінші мыңжылдық – Шыңғыс Айтматовтың белгісімен өтті. Прозаик түркі тілдес халықтар мәдениетінің дамуына зор үлес қосты. Бүгін «READx» спикері, филология ғылымдарының докторы Жанна Толысбаева жазушының әйгілі «Плаха», «Манас», «Белый пароход» және т.б шығармаларын талдап, таныстырды. Шыңғыс Төреқұлұлының шығармашылығымен танысқан қатысушылар, әдебиет әлеміне белсене араласып, қызығушылықпен сұрақтар қойды.

Қазақ ұлттық хореография академиясында бірнеше жылдан бері «READx» жобасы жүзеге асырылып келеді және студенттерді оқуға оңай жолмен баулуға мүмкіндік беретін өзіндік дәстүрге айналды.

Басты мақсат – кітап оқуды насихаттау, көркем әдебиетті насихаттау. Соңғы кездері жастар өте аз кітап оқиды, көбінесе әлеуметтік желілерден ақпарат алады, сондықтан баспа әдебиетінің өзектілігі төмендеп барады. Менің байқағаным, «READx» аяқталғаннан кейін, жаңа оқырмандар саны артып келеді. Олар негізінен READx платформасында ұсынылған әдебиеттерге қызығушылық танытады. Бұл жобаның тиімділігін тағы бір дәлелдейді, деп бөлісті кітапхана маманы Айгүл Сапарғалиева. 

Бүгінгі таңда Қазақ ұлттық хореография академиясының кітапхана қорында 53 мыңға жуық кітап бар.

Яндекс.Метрика