Қабылдау комиссияларының байланыстары

Референдум қарсаңында Мәжіліс депутаты Елдос Абақанов Академияға келді

3 маусымда Қазақ ұлттық хореография академиясына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елдос Абақанов келді. Сапардың мақсаты – Академия ұжымымен алдағы референдумды талқылау.

Кездесуге оқу орнының басшылығы, әкімшілік қызметкерлері және педагогтары қатысты. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, оларға толық жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Әңгіме соңында Е. Абақанов Хореография академиясы – бірегей оқу орны екенін атап өтіп, оқу орнының жұмысына сәттілік тіледі.

«Мен оқу орнының өңірдегі үздік академия екеніне сенімдімін, педагогтарға және жалпы академия ұжымына жұмыста табыс тілеймін. Сіздердің күш-жігерлеріңіздің арқасында елімізде Отанды дәріптейтін талантты әртістер, еліміздегі балет өнерінің деңгейін көтеретін талантты хореографтар көп болсын», – деді Е.Абақанов. 

Яндекс.Метрика