Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ұйғыр халық би өнерінің дамуындағы Гульнара Саитованың шығармашылық ролі

Ізім Т. О.
ҚазКСР-нің еңбек сіңірген артисі,
өнертану кандидаты, профессор.
Қазақ ұлттық хореография академиясы.

Түбi бip түpкi тiлдec xaлықтapдың әpқaйcыcының өзiндiк бip epeкшeлiгiмeн дaмығaн ұлттық cәндiк-қoлтaңбaлы өнepi бap. Түpлi ұлт пeн xaлықтapдың мәдeниeтi мeн caлт-дәcтүpлepi, дiни ұcтaнымдapы тepeңдeгi тaмыpы бip бoлып, epтeдe қaншaлықты ұқcacтықтap бoлca, бүгiнгi күнi coншaлықты aйыpмaшылықтapы мeн epeкшeлiктepi бap.

Iзгi iздeнicтep мeн тaлпыныcтapдың жeлici бoлғaн әлeм мәдeниeтi caн ғacыpлық дaмy caтыcынaн өткeн. Жaқcыcы қaлып, әлciзi ұмыт бoлып, тepeңнeн тaмыp тapтқaн, дәcтүpлi ұлттық мәдeниeттiң acыл мәйeгiн бүгiнгe жeткiзiп, caқтay қaзipгi зaмaндa aдaмзaтқa мiндeт бoлyымeн қaтap oны қaзipгi зaмaн тaлғaмынa opaй қaйтa құлпыpтып, дaмытy, үйлecтipy – үлкeн ic.

Дерек көздеріне жүгінер болсақ қазақтардан негізінен ер адамдар билеген. Оған мысал 1934 жылы Алматы қаласында өткен Бүкілқазақстандық өнерпаздар слетінде бишілердің көп болғанын, соның ішінде ерлердің көп болғанын белгілі артист Қанабек Байсейітов өз естеліктерінде көрсетеді.

Ал, ұйғыр халқында негізінен әйел адамдар билеген деген деректер бар. Бұл жөнінде ғалым Г. Саитова: «Ұйғырдың кәсіби би өнері баяғы заманнан, бәлкім біздің дәуірдің басынан буддизм заманынан келе жатқан шығар, оның алғашқы өклдері бишілер болған, әсіресі әйел бишілер». Бұл жерде ғалым ұйғыр халқының би мәдениетінің еретеден пайда болып, даму үстінде болғанын айтып отыр.

1934 жылдың қыркүйек айында көрермендер үшін алғаш сахна шымылдығын ашқан театр тарихымен тығыз байланыста дамып келе жатқан ұйғыр халқының сахналық биі бүгінгі күні жоғары тұғырдан көрініп жүр.

ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап хореографиялық білім алған бишілер театрға келе бастады. Алматы хореография училищесінің түлегі Сәлима Асқаровна Акбарова Мәскеу қаласынан А. Луначарский атындағы мемлекеттік театр өнері институтын бітіріп келген алғашқы биші болатын. Сол кезде театрда жұмыс атқарған артистердің естелігінде С. Акбарова театрға келген бетте өз көрермендерін әлем классикасына айналған А. Бородиннің «Князь Игорь» операсындағы «Половецкие пляски» хореографиялық композициясын сахналаған. Осы кезең театр бишілері үшін сахналық бидің керемет үлгілерін жасауға бет бұрыс болған. 

ХХ ғасырдың 70-жылдарында театр сахнасын келген талантты жастардың ішінен суырылып шығып, саналы өмірі би өнеріне арналған талант иесі Гульнара Юсупжанқызы Саитова жөнінде сыр шертпекпіз.

Г.Ю. Саитова өнерлі отбасынан қанат қағып, дара өнерімен зиялы қауымнең көзіне шалынған. Ұлттық бидің ерекшеліктерін насихаттауда жалықпай еңбек етіп келе жатқан өнер иесі.

Г. Саитова 1969-1971 жылдар аралығында Республикалық эстрада және цирк өнері студиясында оқып, білім алған. М.П. Габель, М.Н. Шатловский, Г.Б. Киякова, Р.С. Даулетьярова сынды оқытушылар арнайы пәндерден сабақ берді.

Бұл оқу орыны 1965 жылы жас таланттардға кәсіби білім беру мақсатында ашылған болатын.  Сол уақыттағы мәдениет миистрі, белгілі әдебиет снышысы, публисист-жазушы Ілияс Омаров ағамыз бен Қазақ КСР –ның халық артисі, көркемсөз шебері Гүлжихан Ғалиева апамыз ашқан оқу орны талай өнер тарландарын қанаттандырған қара шаңырақ. Г. Саитова да осы оқу орнының түлегі.

Классикалық биден сабақ берген М.П. Габель, былай еске алатын, сол жылы оқуға түскен жастардың арасында Гульнара ең нәзік, ең кішкентайы болатын. Ол би ырғағын, саз әуенін ішкі жан сезімімен түсіне білетін. Оның еңбек сүйгіштігі оқытушыларын тәнті етті, осы бір ерекшелігін басқа шкірттерімізге үлгі ететінбіз. Ол сол жылдары-ақ ұйғыр театры сахнасында өтіп жататын үлкен концерттерге шығып жүрді. Біз одан үлкен үміт күттік.

Иә, ұсаз сенімі алданбапты, оқуды тамамдаған ол Алматы қаласындағы Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық театрына биші ретінде жұмысқа шақырылды. Содан бері театр сахнасында үйрену, толысу, қалыптасу, тәжірибе жинаумен талай жылдар артта қалды. Талантты жас талмай еңбек етуінің арқасында кешікпей-ақ алдыңғы қатарлы биші атанды. Біраз тәжірибе жинап, сахнаның қыр-сырына қаныққан ол, енді би қоюға көшті.

Бұл салада Г. Саитованың қойылымында көптеген сахналық би туындылары дүниеге келді. «Эхо Востока» атты би бағдарламасы оның орындаушылық шығармашылығында ойып орын алды деуге болады. Бұл бағдарламада бишінің орындаған ауған, араб, қазақ , өзбек т.б. бір қатар халық билері әр ұлттқа тән пластикалық шешімі айқын,  ішкі жан сұлулығы мен сезімге толы болса,  әжірбайжан, хореозм, ұйғыр билерінде қолданылған ұлттық ойындардың элементтері жарқ еткен алмастай әсер қалдырады. Бұл ретте, әсіресе, «Ләңгі» биі оның биші ретіндегі өзіндік қолтаңбасын айқын аңғартады. Ал, өзбек халқының классикалық «Танавар» биіндегі дене қимылының музыкамен ішкі сезім үйлесімі арқылы ғана адамға әсер етер құдіретін мойындауға болар. Бұл биде музыкалық драматургияның негізі мықты екені көрініп тұрды. Адам жанның ішкі сезімін беруде қоданылған жүріс түрлері мен қол қимылдары «сыбырлап» қана сөйлейтін. Биде қыз бинесіндегі жұмбақ нәрсені күту, көрермен сезетін астыртын ой қиялы да берілген. Көрермен қыздың астыртын сырларын ұғып қалғысы келетіндей. Бишінің өзінің  айтуынша, ол үшін көрерменмен байланыс маңызды болды, би бітіп, бишінің белгілі бір кейіпте бітіруінде үлкен сыр жатқандай. Әйелдің бар өмірлік сыры мен мұңын жеткізе алған би мен бишіге қайран қаласың. Би аяқталғандағы тылсым тыныштық көрерменнің сахнадағы биге ойша лесіп кеткенінің куәсі боласың.

Г. Саитованың творчестволық өмірі сан-салалы. Мысалы, өз өнерін шыңдай түсу мақсатыда өзбек халқының «Бахор» би ансамблінде КСРО Халық артисі, белгілі биші Құндыз Миркаримованың басшылығымен бір жыл дәріс алуы өнерге деген жауапкершілігін, сүйіспеншілігін аңғартады. Кейін де Қытай республикасында, Түрік елінде болып, білімін жетілдіре жүріп, өз халқының өнеріне байланысты мағұлыматтар жинастырды.

Ұйғыр халқының классикалық шығармасының інжу-маржаны саналатын «Ғәріп-Сәнәм» спектакліндегі би сахналарын көркемдеуде ұлттық фольклорға көбірек көңіл бөлгенін көреміз. Осы спектакльдің кіріспесіне дайындаған «Мың үй» үңгірі көрінісін бейнелейтін «Ояну» атты биі көрерменін еріксіз ықылым заманға бет бұрғызады. Ал, спектакльдің соңында биленген «Той биі» қойылымы алғаш рет кәсіби сахнаға шыққан ұйғыр халқының ежелгі «Таш ойыны» болатын. Осы театрда көп жылдар бишілік өнерімен қатар балетмейстерлік өнерді де қатар алып жүрген Г. Саитова, ізбасар шәкірттер дайындауды да естен шығармады.

Г. Саитова өзінің шәкіртерін тәрбиелеу мақсатында оқытушылық қызметін өзі білім алған Рспубликалық эстрада және цирк училищесінен бастап, В. Селезнев атындағы Алматы хореография уилищесінде жалғастырды. Қай оқу орнында жұмыс істемесін міндетті түрде өз ұлтының балаларының білім алуына қолайлы жағдайлар жасап жүретіні тағы бар. Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк өнері колледжінде тұтас бір топ бишілерді дайындап шығарып, ұйғыр театры жанынан «Рухсара» атты би ансамблін ашып, оның алғашқы репертуарын қалыптастырып берді. Г. Ю. Саитованың алуан түрлі және көп жоспарлы репертуары бар балетмейстер ретіндегі жұмысының шығармашылық әдістері мен қағидаттары, қойылымдардың тақырыбы ұйғыр халқы мен халықтарының ұлттық сипатына бағытталған.

Ұйғыр театрының құрылып, жұмыс істеп отырған жылдарда біраз бишілер мен балетмейстерлер жұмыс атқарды. Ал, Г. Саитова өзінің өсу жолында орындаушыдан ғалым дәрежесіне көтерілген бірден-бір биші.

Жоғары білім алған Г. Саитова ХХІ ғасырдың басында ғылымға бет бұрды. Ұйғыр халқының би мәдениетін зерттеуді қолға алған ол тынымсыз ізденіс пен зерттеулер арқылы өзінің «Уйгурский сценический танец (на примере спектаклей и концертов Уйгурского театра г. Алматы)» атты кандидаттық диссертациясын қорғап шығып, ғалым атанды. Бүгінгі күні ғылым жолында тынымсыз еңбек етіп жүрген жан. Оның  хореография бағытындағы оқу орындарына арнап О. Шубладземен бірігіп жазған «Восточные танцы» (2007 г.) оқу құралы  алғашқы еңбегі еді. Ода кейін шығарған «Уйгурский танец: Истоки. Традиции. Сценическое воплощение.» атты монографиясы (2011 г.) тырнақалды туындылары деуге болады. Бүгін оқытушылық қызметімен ғылымды қатар алып келе жатқан ұлағатты ұстаз. Оның 120-ға жуық ғылыми мақалалары мен 3 оқулық пен 7 (басқа ғалымдармен бірігіп жазғаны да бар) ғылыми монографиялары жарық көрді.

Қоғам бейнесі өзгеріп, уақыты зуылдап өтіп жатса да санқырлы білім сол қалпында қалды. Тек заман үрдісіне қарай әр білім ошағының  өзіндік келбеті, бағыт-бағдары, ұстаздар қауымының білімі мен біліктілігі, кәсіптік шеберлігі мен ізденістері арқылы оқушыларға берер тағлым-тәрбиесі мол. Олай болса, Г. Саитова Қазақстан хореография өнерінде шығыс билерінің сахналық үлгісінің қалыптасып, дамуында еңбек етіп келе жатырған жан. Ол осы «Шығыс биі» пәнін оқу бағдарламасына енгізіп, әдістемелік оқу құрадарын, оқулықтар жазды және осы еңбектері үлкен сұранысқа ие.

Қорытынды. Гүлнара Юсупжанқызы Саитова өзінің өмірінде шығармашылық, педагогикалық, ғылыми еңбек жолдарында үнемі өсу үстінде болды. Ол балет артисінен бастап, балет солистіне дейін, балетмейстерден бастап бас балетмейстерге дейінгі кезеңінде “Рухсара” би ансамблінің негізін қалаушы және жетекшісі болды. Ол, өнер жолында үлкен жетістіктерге қол жеткізген өнерпаз. Орындаушы ретінде Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1995 ж.), өнертану кандидаты (2005ж.), профессор (2018ж.) атақтарына қол жеткізді.

Бүгінгі күні Қазақ ұлттық хореография академиясында табысты еңбек етуе. Оның өнертану мамандығында оқып жүрген дәрістері мен хореогафия мамандығы бойынша Шығыс биінен беріп жүрген сабақтары өзінің ерекше қолтаңбасымен ерекшелеген профессор. Алдына қойған жоспарларын орындауда аянбай еңбек етіп жүрген Гульнара Юсупжанқызының әлі де берері көп екеніне кәміл сенімдіміз.

Яндекс.Метрика