Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ректор Алтынай Асылмуратованың халықпен есеп беру кездесуі

2020 жылғы 18 қыркүйек күні сағат 11:00-де Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмуратованың халықпен ОНЛАЙН есеп беру кездесуі өтеді.
Алтынай Асылмуратова тікелей эфирде 2019-2020 оқу жылындағы жұмыс қорытындылары, оқу орнының жетістіктері мен одан әрі даму бағыттары жөнінде баяндап береді.
Көрсетілім ZOOM платформасында және Академияның әлеуметтік желілерінде өткізіледі.
Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Алтынай Асылмуратованың есеп беру кездесуіне Академияның тәрбиеленушілері, ата-аналар, профессор-оқытушылар құрамы, қоғам өкілдері және басқа да қатысушылар шақырылады.

Ректорға қалай сұрақ қоюға болады?
Сұрақтарды 2020 жылғы 17 қыркүйекке дейін info@balletacademy.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

Youtube – balletacademykz
Facebook – @academyofchoreography

Яндекс.Метрика