Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Релаксаторлар. Стрестің салдарын төмендету әдістері» тренингі

2020 жылғы 8 желтоқсанда тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің психолог-оқытушысы Ибрагим Марал Болатханқызы «Релаксаторлар. Стрестің салдарын төмендету әдістері» тақырыбында кәсіптік білім беру колледжі және ЖОО студенттерімен онлайн режимде тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: мінез-құлық стратегияларының репертуарын кеңейту және сыни жағдайларда өзіне-өзі көмек көрсету. Тренингтің міндеті: стресс құбылысын зерттеу; студенттердің стреске төзімділік деңгейін арттыру; студенттердің өзін-өзі бақылау және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту және бекіту.

Қазіргі заманғы адам үнемі стрестердің әсеріне (стрестік жағдайды туғызатын себептерге) тап болады. Әр түрлі адамдар үшін олардың әсер ету күші әр түрлі және көптеген факторларға байланысты: жасы мен жынысына, сезімталдық деңгейіне, мінез ерекшеліктеріне, тәулік уақыты мен жыл мерзіміне және т.б. Стреске қарсы тұру және стресті басқару дағдылары адамға стрестік жағдайда тиімді іс-әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы адам үшін стресті басқару технологияларын меңгеру оның тиімді қызметінің, әсіресе өзіне жаңа салалардағы қызметінің алғышарты болып табылады.

Стресс жетістікке жету жолында шешілмейтін кедергіге айналмас үшін, студенттерде стреске төзімділіктің жоғары деңгейі, «жұдырықтасу» қабілетін қалыптастыру қажет.

Стресті бірнеше минутта немесе тіпті бірнеше секундта жеңе білу эмоционалды және физикалық денсаулықтың негізгі шарты. Тренинг осыған арналды.

Тренингте студенттер: стрестің себептерін, денеміздің стрестік жағдайларға реакциясы, стрестік реакцияның физиологиялық және эмоционалдық деңгейлері, қатты стрестік жағдайдағы алғашқы көмек, стрестен қорғаудың әдістері туралы білді. Сондай-ақ, студенттер стрестік жағдайды анықтауға арналған тест тапсырды, қатты стрестік жағдайларда өзіне-өзі көмек көрсету әдістерін үйренді.

Тренингке кәсіптік білім беру колледжінің, хореография және өнер факультеттерінің студенттері қатысты. Студенттер педагог-психологпен бірге тез демалуға және мазасыздықты кетіруге көмектесетін акупунктуралық нүктелерге массаж жасады, сұрақтарға жауап берді. Тренингтің соңында олар стрестік жағдайларды қалай жеңетіндерін айтты.

Яндекс.Метрика