Қабылдау комиссияларының байланыстары

«SCIENCE SLAM – ҮЗДІК ПОСТЕРЛІК БАЯНДАМА»: байқаудың қорытындысы шығарылды

12 сәуірде «Science slam – үздік постерлік баяндама» байқауы өтті. Екінші оқу жылының магистранттары таңдалған тақырып бойынша постерлік баяндама жасады.

Айта кетейік, Ғылым апталығының екінші күні Ғылыми зерттеулердің тақырыбы мен тереңдігімен ерекшеленді. «Хореография» бағдарламасының магистранты Шырын Мұстафина «Музыкалық-драма театрлардағы қойылымдарға хореографиялық өнердің әсері» тақырыбын ұсынды. Антон Луковкин сонымен қатар хореографиялық өнер бағыты бойынша «Балеттегі актерлік шеберлік: оқыту тұжырымдамасы және орындаушылық өнерді жетілдіру» тақырыбын таңдады.

Далер Запаровтың «Балет әртістерін оңалту контексіндегі қимыл-қозғалыс қасиеттерін тәрбиелеу» баяндамасында таңдалған тақырып бойынша нақты ұсыныстар берілген. Наталья Фокинаның «Қазақстан ұжымдары мысалында әскери хореографиялық ансамбльдер миссиясын іске асыру» баяндамасының тақырыбын таңдауы кәсіби тәжірибеге негізделген.

Әрбір баяндаманы, оның ішінде сөйлеудің жоғары мәдениетін және презентациялардың безендірілуін  қазылар алқасы ерекше атап өтті. 

Конкурстық комиссия баяндамашылар арасында жүлделі орындарды белгіледі: 1 орын-Шырын Мұстафина; 2 орын – Антон Луковкин; 3 орын – Балжан Нұрбосынова.

Конкурсқа қатысқан барлық қатысушыларға қызықты баяндамалары үшін алғыс білдіре отырып, ғылыми және шығармашылық салада табыс тілейміз!

 

Яндекс.Метрика