Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия интернатының тәрбиеленушілері балалар үйіне барды

12 сәуірде Қазақ ұлттық хореография академиясы интернатының тәрбиеленушілері Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған балалар үйіне қайырымдылық сапармен барды.

Кездесу Қазақстандағы балалар жылына орайластырылған «Жақсылық жаса» акциясы аясында өтті.

Бұған дейін оқушылар мен олардың тәрбиешілері балалар үйінде тұратын балаларға арналған қолдан тоқылған шұлықтар мен киім тарту еткен. Академия қызметкерлері мен оқытушылары акцияны қолдап, балалар үйіне тәтті сыйлықтар табыстады.

«Академия тәрбиеленушілері үшін кішкентайларға, әсіресе өз қолдарымен жасалған кішкентай қуанышты тарту ету ерекше бақыт», – деп атап өтті балалардың педагогтары.

Яндекс.Метрика