Қабылдау комиссияларының байланыстары

ҮШ ТІЛДЕ БІЛІМ БЕРУ – ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ

2020 жылғы 19 қарашада Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің ұйымдастыруымен «Үш тілде білім беру – заманауи білім беру басымдықтарының бірі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.       

Бөлім басшысы Гүлжанат Жұмағазықызы Есенбекованың «Үш тілде білім беру – заманауи білім беру басымдықтарының бірі» баяндамасымен бастау алған дөңгелек үстел Режиссура кафедрасының профессоры, өнертану кандидаты Тойған Оспанқызы Ізімнің «Хореография мамандығының арнайы пәндерін қазақ тілінде оқыту» және  Педагогика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Руслан Владимирович Кензикеевтің  «Полиязычие как компонент профессионализма современного специалиста» атты баяндамаларымен жалғасын тапты.

Дөңгелек үстел барысында баяндамашылар қазақ және ағылшын тілдерінде сабақ өткізу кезіндегі озық тәжірибелерімен және оның табысты нәтижелерімен бөлісті.

Яндекс.Метрика