Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Бал биінің әлемдік аңыздары» тақырыбында дөңгелек үстел            

Қазақ ұлттық хореография академиясының хореография факультеті педагогтар мен студенттерді «Бал биінің әлемдік аңыздары» тақырыбында дөңгелек үстелдер топтамасын тамашалауға шақырады.

Алғашқы іс-шара латынамерикандық бағдарлама бойынша атақты ағылшын бишісі Волтер Вильем Лайердтің шығармашылық қызметіне және оның ізбасарларына арналған. Ол кәсіпқойлар арасында үш мәрте әлем чемпионы титулына ие болған, сондай-ақ Алан Торнсберг, Эспен Салберг, Донни Бёрнс және тағы басқа көптеген белгілі бишілердің жаттықтырушысы болды.

Сіздерді тарих қойнауына үңіліп, спорттық бал билерінің таңғажайып әлемімен танысуға шақырамыз!   

Модератор: Қазақ ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы, өнертану ғылымдарының магистрі, Қазақстан хореографтар одағының мүшесі, ҚР СБФҚ төрешісі Евгений Сергеевич Моисеев.

Дөңгелек үстел 2020 жылғы 28 қарашада сағат 13:00-де ZOOM платформасында өтеді.

Яндекс.Метрика