Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Ұлт көшбасшысы және тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел

2020 жылдың 27 қараша күні Ғылым, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және редакциялық баспа қызметі бөлімі, Өнер және Хореография факультеттерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған «Ұлт көшбасшысы және тәуелсіздік» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Дөңгелек үстел модераторы – Қасабекова Айнур Ильясовна, Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты;

Дөңгелек үстел қонақтары:

– Төлебаев Тұрғанжан Әбеуұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Дүниежүзі тарихы, тарихнама, деректану» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы;

– Тулебаева Меруерт Кенжебайқызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Саясаттану» кафедрасының доценті, саяси ғылымдар кандидаты;

– Ермағанбетова Құралай Серғабылқызы, Қазақ ұлттық өнер университеті «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және арт-менеджмент» кафедрасы, доктор PhD.

Т.Ә. Төлебаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері мен Конституциясының қабылдануы туралы, М.К.Тулебаева Елбасының халықаралық бастамалары, Қ.С.Ермағанбетова Елбасының жаңғыру жолындағы мәдени бастамалары жайлы әңгімелеп берді.

Қонақтарды қызыға тыңдаған студенттер көптеген сұрақтар қойып, өз пікірлерін ортаға салды. Атап айтсақ, 1 курс студенттері А.Сембекова, Д.Мелисова, А. Тұрсынбекова және 2 курс студенті А. Серикбай белсене қатысты.

Дөңгелек үстел соңында «Тәуелсіздіктің 7 қыры. Елдіктің бастауы» атты деректі фильм көрсетілді.

Яндекс.Метрика