Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмнің тұсаукесері өтеді  

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында Қазақ ұлттық хореография академиясында «Елбасы көшбасшылығының сабақтары» бейнефильмінің тұсаукесері өтеді. Көрсетілім 30 қараша сағат 12:00-де Академияның Youtube арнасында өтеді.

10 минуттық фильм қазақстандық балет мектебінің қалыптасуы мен дамуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі туралы баяндайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2016 жылы Қазақстанның астанасында бүкіл Орталық Азиядағы көп сатылы кәсіби хореографиялық білім берудің толық циклі бар бірегей оқу орны – Қазақ ұлттық хореография академиясының есігі ашылды. Осының арқасында Қазақстан өзін әлемдік аренада ұлттық балет және би шеберлерінің ұстаханасы ретінде танытуға мүмкіндік алды.

Өнер қайраткерлері Елбасының қазақ халқының мәдени дамуына көрсетіп отырған қамқорлығын әрдайым жоғары бағалайды – тәуелсіздік жылдары елімізде үлкен театрлар, концерт залдары, көрмелер, мұражайлар пайда болды, ал Қазақстанның шығармашылық ұжымдары мен таланттары Отанын әлемдік аренада таныту мүмкіндігіне ие болды. Балет өнерін бағалаушылар Қазақстанның би өнерінің шексіз шығармашылығы мен бай мұрасын дамытуға мүмкіндік бергені үшін Елбасының ерекше алғысын сезінуде.

Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз және «Елбасы көшбасшылығының сабақтары» фильмін көруге шақырамыз.

 

 

Яндекс.Метрика