Қабылдау комиссияларының байланыстары

Шығармашылық жоғары оқу орындары (хореография) профессор-оқытушылар құрамының ICTM халықаралық ғылыми-практикалық қызметіне қатысуын жандандыру

2021 жылғы 2 наурызда Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойы аясында  «Шығармашылық жоғары оқу орындары (хореография) профессор-оқытушылар құрамының  ICTM  халықаралық ғылыми-практикалық қызметіне қатысуын жандандыру» тақырыбында халықаралық онлайн вебинар өткізді.

Вебинар лекторы: ICTM-нің Қазақстан Республикасындағы өкілі, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық театр» кафедрасының аға оқытушысы.

Вебинарда келесі мәселелер талқыланды:

  • Шығармашылық жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының халықаралық ғылыми қызметінің ерекшелігі;
  • ICTM-нің музыкалық және хореографиялық өнер саласындағы халықаралық қызметі;
  • Халықаралық мәртебені жоғарылату үшін ICTM-ге кіру және оған мүше болудың артықшылықтары;
  • Жеке тұлғалар мен ұйымдарға арналған баспа және электронды басылымдарға жазылу жеңілдіктері.

Вебинарға профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, докторанттар,  кітапхана, ғылым және халықаралық ынтымақтастық бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

Яндекс.Метрика