Қабылдау комиссияларының байланыстары

Хореография білім беру бағдарламалары бойынша Республикалық пәндік олимпиада нәтижелері

2021 жылдың 25-26 ақпан күндері аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған  жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында Хореография білім беру бағдарламалары бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға еліміздің әр өңірінен, атап айтсақ, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Тараз, Нұр-Сұлтан қалаларынан  жоғары оқу орындары қатысты.  Қатысушылардың көрсетілім реттілігі алдын ала  жеребе бойынша  анықталды.

Олипиада III турдан тұрды. Қатысушылар алдын ала берілген үй тапсырмасы бойынша «Ашық сабақ» деп аталатын І турда кәсіби пәндердің жүргізілу барысын  көрсетіп,   «Біздің ЖОО қашықтықтан оқыту» тақырыбындағы ІІ тур бойынша өздерінің  презентацияларын таныстырып, жоғары білім деңгейлерін көрсетті. ІІІ тур «Kahoot» зияткерлік ойыны ретінде ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған және хореография өнерінің тарихына байланысты сұрақтарға жауап берді. 

Әрбір жоғары оқу орындарының оқытушыларынан құралған комиссия мүшелерінің және комиссия төрағасы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері, Қазақстан музыка қайраткерлері одағының мүшесі, «Астана балет» театрының директорының орынбасары  Валерий Альбекович Кузембаевтың шешімімен:

ІІІ ОРЫНДЫ  «Жұбанов жұлдыздары» және «Томирис» командалары иеленді:

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Жұбанов жұлдыздары (ХК-301) командасы: Айтекешова Лейла, Бақтыбаева Жұлдыз, Базаркулова Сабина Маратовна команда капитаны  Имангалиева Лунара Тулегеновна. Жетекшісі: магистр, оқытушы Сатыбалдиева Жаннат Кадирбековна. Комиссия мүшесі: Өнертану мамандығы бойынша философия докторы (Ph.D), доцент. Раимбергенов Абдрашид Искакович.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті. Томирис командасы: Рудакова Ксения, Жансеитова Данагуль, Төлеуіш Гульвира команда капитаны Баймахамбетова Айнұр Ерболқызы. Жетекшісі: педагогика ғылымдарының магистрі, «Музыка және хореография» кафедрасының аға оқытушысы Караматуллаева Хадия Ергашовна.               Комиссия мүшесі: Педагогика ғылымдарының магистрі, Музыка және хореография кафедрасының аға оқытушысы Курумбаева Жанат Мирзагуловна.

ІІ ОРЫНҒА өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп, танымды презентацияларымен көзге түскен «Томирис» және «Қорқыт Орда жастары» командалары лайық деп танылды.

Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінен «Томирис» командасы: Айдарбек Жайдарлым, Альшимбаева Рената, Жаксекенова Гаухар команда капитаны Михеенко Анастасия Сергеевна. Жетекшісі және комиссия мүшесі: ҚР Мәдениет саласының үздігі, педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы, Хореография және Арт менеджмент кафедрасының меңгерушісі Сабдалиева Роза Болысовна

 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті. «Қорқыт-Орда жастары» командасы: Үсенкелді Айсұлу, Қасымбек Ақбота, Байдаулетов Нурталап, команда капитаны Маханбетжанов Абай Есенгелдіұлы. Жетекшісі: хореография педагогикасының магистрі, оқытушы Кукетов Берик Алпыспаевич.

Комиссия мүшесі: ҚР Мәдениет саласының үздігі, академиялық доцент, Хореография кафедрасының меңгерушісі Мурзабаева Гульбану Илубаевна.

ХІІІ Республикалық пәндік олимпиадада ең жоғары ұпаймен Қазақ Ұлттық хореография академиясының ACADEMY STARS командасы І ОРЫНҒА ие болды.  Команда құрамы: Бекенбаева Аида, Тасхан Сәния, Дуйсенбай Ержан, команда капитаны Рахмет Дайана Байжанкызы Жетекшісі: Мәдениет саласының үздігі, магистр, аға оқытушы Агзамова Диана Олеговна. Комиссия мүшесі: ҚР Мәдениет қайраткері, «Серпер» жастар премиясының лауреаты, «Құрмет» орденінің кавалері, Тургинбаева Айтолкын Несипбековна.

Яндекс.Метрика