Қабылдау комиссияларының байланыстары

English Club зияткерлік ойын жеңімпаздарын жариялады

Ағылшын тілінде сөйлеу практикасына арналған клуб аясында Қазақ ұлттық хореография академиясында «Quiz Game» зияткерлік ойыны өтті. Оған бакалавриат бағдарламасы бойынша оқитын студенттердің 3 командасы қатысты.

Іс-шара аясында командалар Қазақстан хореографиясының тарихы, көрнекті бишілердің өмірбаяны, заманауи музыка, кино, сондай-ақ белгілі географиялық фактілер туралы сұрақтарға жауап берді.

“Quiz Game” қорытындысы бойынша 1 орынды «Gang» командасы (Наргиз Ильяс, Сания Қали және Наргиз Садуова), 2 орынды «Victory» командасы (Аққали Тұрғали және Шынар Амантаева) командасы алды.

Қатысқаны үшін студенттер Халел Ернар және Айжан Наренова сертификаттармен марапатталды, клуб президенті Адия Байболова алғыс хатпен марапатталды.

English Club жұмысына белсенді қатысқаны үшін барлық қатысушылар естелік сыйлықтар мен 1 ай ағылшын тілін тегін оқуға мүмкіндік алды.

Қазақ ұлттық хореография академиясының ағылшын тілі клубы 2019 жылы ашылды, клуб базасында студенттердің ағылшын тілінде сөйлеуін дамытуға арналған әр түрлі іс-шаралар үнемі өткізіледі.

Яндекс.Метрика