Қабылдау комиссияларының байланыстары

Ыбырай Алтынсарин және қазіргі заманауи білім

Сырдария» университеті, 2021 жылдың 30-ші сәуір күні өтетін Ұлы ағартушы – ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Ыбырай Алтынсарин және қазіргі заманауи білім» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ,орыс және ағылшын.

Конференцияның мақсаты ұлы ағартушы – педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын білім алушылар мен педагогтардың арасында кеңінен насихаттауға, Қазақстан қоғамының рухани-адамгершілік және интеллектуалды мәдениетін дамытуға, қазіргі білім мен ғылым саласының даму үдерісін кеңінен ашып карастыруға бағытталған.

Конференция жұмысы төмендегі бағыттар бойынша жүргізіледі:

ü  Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы және қызметі
  • Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеяларының сабақтастығы
  • Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық мұрасы (Бір ел – бір кітап)

Сырдария-2021

Яндекс.Метрика