Қабылдау комиссияларының байланыстары

Жамбыл Жабаев мұрасы және тарихи дәуір

2021 жылдың 16 наурызында сағат 11.00-де ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты қазақтың ұлы ақыны, дәуірдің жырауы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жамбыл Жабаев мұрасы және тарихи дәуір» атты республикалық дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – өткен ғасырдың тарихын зерттеуде айтыскер ақын Жамбылдың орны мен рөлін анықтау. Жамбылдың терең мазмұнды рухани мұрасының қазақ халқының тарихы мен санасын қалыптастырудағы және тәрбиелеудегі ықпалы мен маңызын сараптау.

Жамбылдың шындықты айтып, замана болмысын жасырмай суреттеуін, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауыспен жырлауын айқындау. Суырып салма ақынның «нағыз майталман, кестелі сөздің шебері, әрі ұшқыр ойлы, тапқыр шешен» екендігін айқындап, осы жауһарлардың қазіргі тарих ғылымында пайдалану деңгейін көрсету. Жамбыл ұсынған қағидалардың тарих ғылымын дамытуға ықпалын айқындау. 

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • Жамбыл Жабаевтың өмірі мен тарихы;
  • Жамбылдың рухани мұрасы – Қазақстан халқының ұлттық идеясының тірегі;
  • Жамбыл дәуірі және қазақ қоғамы;
  • Жамбыл Жабаевтың шығармалары Қазақстанның тарихы ғылымында;
  • Жамбыл Жабаев және орыс-қазақ рухани-мәдени байланыстары;
  • Жамбылдың шығармашылығы және тарихи шындық пен объективтілік.

Информационное письмо

Яндекс.Метрика