Қабылдау комиссияларының байланыстары

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздер – ел дамуының ажырамас бөлігі. Сондықтан қазақстандықтардың осы рәміздерге деген құрметі, оларды бойтұмардай қастерлеуі ерекше сезіліп тұруы тиіс. Рәміздер арқылы елімізді бүкіл әлем таниды. Өйткені онда қазақ халқының бастан өткізген тарихы, мәдениеті мен дәстүрі көрініс береді. Жастардың отансүйгіштік сезімін оятады, патриотизмге үндейді, батылдыққа тәрбиелейді. Қазақ ұлттық хореография академиясының ұжымы және тәрбиеленушілері барша қазақстандықтарды осы мерекемен құттықтайды және «Мен туымды мақтан етемін!» челленджін қолдайды.

Елімізде тыныштық болып, көк Туымыз биікте желбіреп, Елтаңбамыз әлемге танылып, Әнұранымыз шарықтап шырқалатын болса, біздің келешегіміз де ұзақ және жарқын болады деген ойдамыз.

Қазақ елінің мәртебесі биік, өмірі ұзақ болып, Мемлекеттік рәміздерімізге деген құрмет арта берсін!

Яндекс.Метрика