Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Asia 2021 Святогорье шоқжұлдызы» халықаралық конкурсындағы жеңіс

Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті Аққанат Смағұлова «Asia 2021 Святогорье шоқжұлдызы»  фестиваль-конкурсының Гран-При иегері атанды. Онлайн конкурс Баку қаласының (Әзірбайжан) Мәдениет бас басқармасының қолдауымен өтті.

«Asia 2021 Святогорье шоқжұлдызы» халықаралық көп жанрлық конкурс-фестивалі жыл сайын өткізіледі және Англия, АҚШ, Армения, Әзірбайжан, Белоруссия, Венгрия, Израиль, Румыния, Молдова, Украина, Ресей, Қазақстан, Нидерланды, Түркия, Сирия, Өзбекстан және т.б. сияқты елдерді қамтиды. Іс-шара жас таланттарды жинап, олардың таланты мен шығармашылығын көрсетуіне мүмкіндік береді.

Аққанат Смағұлова конкурста Анвара Садықованың «Аққу» хореографиялық нөмірімен өнер көрсетті. 

 

Яндекс.Метрика