Ғылым мен білім берудегі сандық трансформация
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті 2023 жылғы
18 мамырда ардагер ұстаз Хамметов Асылбек Хамметовичтың
мерейлі 80 жасқа толуына арналған «Ғылым мен білім берудегі сандық трансформация» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
Конференцияның мақсаты: Жас ғалымдардың, ғылыми қауымдастықтың, кәсіби сарапшылардың назарын қоғамымыздың барлық салаларындағы цифрлық технологияларды дамыту мәселелеріне аудару. Ғалымдар, оқытушылар мен мамандар арасында ғылыми пікірлер мен практикалық тәжірибе алмасу, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мәселелерін қарастыру және білім беру саласында инновациялық тәсілдерді енгізу.
Конференцияның жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізіледі:
Секция 1. Білім берудегі сандық трансформация
Секция 2. Жаратылыстану ғылымдарының дамуындағы сандық технологиялар