Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия докторанттары жұмыстың аралық қорытындыларын ұсынды

15 желтоқсанда Қазақ ұлттық хореография академиясының қабырғасында докторанттар семинары өтті. Үшінші оқу жылының докторанттары Айсұлу Тани мен Шерхан Мұхамбетжанов академияның оқытушылар құрамына ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша өздерінің аралық қорытындыларын ұсынды.

Докторант Айсұлу Тани атқарылған жұмыстың нәтижелерімен бөлісті, онда ол қазіргі Қазақстан өнеріндегі ұлттық идеяны түсінудің негізгі аспектілерін ашты. Өз кезегінде, ғылыми қоғам өкілдері қазақ фольклорының экологиялығы идеясын және өнер саласындағы этно тұжырымдамалардың байланысын атап өтті.

Сондай-ақ докторант Шерхан Мұхамбетжанов «Түрік халықтарының ұлттық би музыкасы сындағы жанрлық стильдегі ерекшіліктері» (XX-XXI ғ. Орталық Азияның би дәстүрлері негізінде)» тақырыбындағы жұмысының аралық нәтижелерімен таныстырды.
Докторант кітаптарды, оқу құралдарын, құжаттарды зерделеу барысында жинақталған материалдарға терең талдау жүргізді, сонымен қатар Орталық Азия халықтарының билеріндегі музыкаға салыстыру жасады.

Яндекс.Метрика