Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия оқушылары Халықаралық нүкте күнін атап өтті

15 қыркүйекте Академия кітапханасында «Халықаралық нүкте күні» аталып өтті. Шараның негізгі мақсаты – әр қатысушының таланты мен қабілетін ашу, өзіне деген сенімділігін арттыру.

 Мерекеге қатысушыларға нүктелер арқылы әртүрлі суреттер салу ұсынылды. Оқушылар нүктелерден сурет салып, шығармашылық пен шаттыққа толы күн болды. Сондай-ақ оқушыларға мерекенің тарихы, «Нүкте» кітабының мазмұны баяндалды.

Халықаралық нүкте күні жыл сайын 15 қыркүйек күні аталып өтеді. Мереке бастауын Питер Г. Рейнольдстың «Нүкте» кітабынан алды.

Яндекс.Метрика