Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия оқушылары Ұлттық музейді аралады

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі Қазақстанның мәдени мұрасымен, оның дәстүрлерімен және тарихымен танысу мақсатында Академия мектебінің 4 сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне экскурсия ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Орталық Азиядағы ең жас және ең үлкен музей болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде құрылды.

Музей залдарындағы экскурсия Академия оқушыларының қазақ халқының тарихы мен қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы туралы білімдерін толықтырды.

Яндекс.Метрика