Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Үш тұғырлы тіл – ұлт болашағы» іс-шарасы

Қазақстан халықтары тілдерінің көпұлтты мерекесі әрбір тіл – бүкіл адамзаттың рухани мұрасының бір бөлігі, ал әрбір мәдениет – әлемдік өркениетке қосылған баға жетпес үлес деген идеяға негізделген.

2023 жылдың 22 қыркүйегінде кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің гуманитарлық цикл мұғалімдері «Үш тұғырлы тіл – ұлт болашағы» тақырыбында іс-шара ұйымдастырып, өткізді.

Іс-шараға қазақ және орыс тілдерінде оқитын 5-9 сынып және 1-2 курс студенттері қатысты. Концерттік бағдарламада «Полиглот» викторинасы, әлемге әйгілі ақындардың өлеңдері әлемнің әртүрлі тілдерінде оқылды, сюжеттер қойылып, патриоттық әндер орындалды. Бағдарламаның аудиториясы іс-шараға белсенді қатысқан мұғалімдер мен студенттер болды.

Аталған іс-шараның мақсаттары:

  • көптілді білім беруді жүзеге асыру;
  • халықтардың мәдени мұрасын зерделеу арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу;
  • өз халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу;
  • ұлттық бірлік пен патриотизмді нығайту.
Яндекс.Метрика