Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия оқушылары мен студенттері катхак үнді классикалық биі бойынша шеберлік сыныбына қатысты

Қазақ ұлттық хореография академиясында катхак үнді классикалық биі бойынша шеберлік сыныбы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшілігінің Свами Вивекананда атындағы мәдени орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Шеберлік сыныбын Академия студенттері үшін Шарвари Аджит Бхиде ханымның жетекішілігімен «Шамбхави» катхак халықаралық мектебінің әртістері жүргізді.

«Шамбхави» әртістері катхак – хикая биі екенін, онда эмоцияларды ишарат тілімен суреттеп, мимика өнерін қолданған маңызды екенін айтып берді. Стилдің ерекшелігі аяқтың жұмысында – бишілер әдетте солтүстік Индияның классикалық музыкасына ырғақты табан соққыларын орындайды.

Шеберлік сыныбы барысында оқушылар мен студенттер аталған стилдің негіздерімен танысып, Today және Tihayi деп аталатын композицияны билеп көрді.

Іс-шара соңында «Шамбхави» әртістері Академия студенттерінен шағын шеберлік сыныбын көрсетуді сұрады. Студенттер келген қонақтарға қазақ халық биі, спорттық бал билері секілді әртүрлі стилдегі шығармаларды орындады.

Яндекс.Метрика