Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия студенттері VI Азия студенттер форумына қатысуда

2023 жылдың 5-8 қыркүйек аралығында Самарқанд мемлекеттік университетінің базасында Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері Ш.Мұхамбетжанов, К.Пайзахметова, А.Ықыласова Азия университеттері қауымдастығының бастамасымен ұйымдастырылған «Өзбекстан-Азия 2023» VI Азия студенттер форумына қатысуда (бұдан әрі – Форум).

Форумға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қытайдың 30 университетінен 200-ден астам өкіл келді, деп хабарлайды өзбек баспасөзі.

Азия студенттер форумының негізгі мақсаттары: Ресей мен Азияның трансшекаралық кеңістігінде жастар арасындағы байланыстарды дамытуға жәрдемдесу; дәстүрлі ұлттық мәдениеттерге, олардың тарихы мен қазіргі жағдайына деген қамқорлық көзқарасты тәрбиелеу, сондай-ақ жастарды халықаралық мәдени-гуманитарлық, білім беру және ақпараттық-түсіндіру жобаларын жүзеге асыруға тарту.

Форумның негізгі тақырыптарының бірі Орталық Азия халықтарының ортақ мәдени-тарихи мұрасын зерттеу және сақтау тақырыбы болды.

Форум бағдарламасында «Шекарасыз білім» сараптамалық сессиясы бар, онда студенттер алдында Алтай мемлекеттік университетінің «Үлкен Алтай» алтатану және түркітану ғылыми-білім беру орталығының, Самарқанд мемлекеттік университетінің және қауымдастыққа мүше басқа да университеттердің жетекші ғалымдары баяндама жасайды.

Азия университеттері қауымдастығының вице-президенті, Алтай мемлекеттік университетінің президенті Сергей Землюков атап өткендей: «Азия студенттер форумының тарихы 2011 жылы университетімізде өткен Бүкілресейлік студенттер форумы кезінде пайда болды».

Яндекс.Метрика