Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия тәрбиеленушілері ЮНЕСКО клубтарының шығармашылық конкурсына қатысты

Қазақстанда ЮНЕСКО клубтарының арасындағы шығармашылық конкурсы бесінші рет өткізілді.  Биыл онлайн форматта өткен  іс-шара Қазақстандағы Волонтер жылына арналды. 

«Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО Клубтарының V Шығармашылық академиясы» конкурсы аясында еліміздің барлық өңірлерінен 14-18 жас аралығындағы 2 мыңнан астам мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Бұл конкурстың мақсаты дарынды жастарды қолдау және өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамыту болып табылады. 

Қазақ ұлттық хореография академиясы оқушылары келесі бағыттарда жақсы нәтижелер көрсетті:
– бейнелеу өнері;
– хореография өнері;
– медиа және видеомейкинг.

«Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО Клубтарының V Шығармашылық академиясы» конкурсының нәтижелері бойынша Академияның келесі білім алушылары сертификаттармен марапатталды:

  1. Иванова Полина – «Хореография өнері» мамандығы «Балет әртісі» біліктілігі бойынша колледждің 1 курс студенті;
  2. Рязанцев Богдан – 4 «Б» сыныбы;
  3. Жумабеков Расул – 8 «Б» сыныбы;
  4. Бахыт Меруерт – 8 «А» сыныбы;
  5. Яшкова Алина – «Хореография өнері» мамандығы «Би ансамблінің әртісі» біліктілігі бойынша колледждің 2 курс студенті.

Яндекс.Метрика