Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академия қызметкерлері елуден астам бөртегүл көшеттерін отырғызды

Бүгін ұжымның бастамасымен Академияда ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өтті. Оқу орны ғимаратының жанында 50-ден астам бөртегүл көшеттері отырғызылды.

Іс-шараға бірінші проректор Бибігүл Нүсіпжанова, ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі директор Жанна Толысбаева, сондай-ақ Қазақ ұлттық хореография академиясының ұстаздары мен басқа да қызметкерлері қатысты.

Академия үшін қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа ұқыпты қарау өте маңызды, біздің ұстаздарымыз студенттер арасында осындай сезімдерді тәрбиелеу үшін көптеген ашық сабақтар мен экологиялық акциялар өткізеді.

Яндекс.Метрика