Қабылдау комиссияларының байланыстары

«Дегдар» гуманитарлық қорынан сыйға берілген кітаптар

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде «Дегдар» гуманитарлық қорынан Академия кітапханасына кітаптар сыйға берілді. Сыйға тартылған кітаптар арасынан ноталық басылымдарды атап өтсек:

 «Дариға Назарбаеваның репертуарынан орыс композиторларының романстары мен әндерінің жинағы» (1-шығарылым), «Дариға Назарбаеваның репертуарынан Ұлы Отан соғысының әндері» (2-шығарылым), «Дариға Назарбаеваның репертуарынан барокко дәуірінің вокалдық классикасының жауһарлары» (3-шығарылым), «Дариға Назарбаеваның репертуарынан XVIII-XIX ғасырлардағы Батыс Еуропа композиторларының вокалдық шығармалары» (4-шығарылым), «Дариға Назарбаеваның репертуарындағы романстар мен әндер» (5-шығарылым). Ноталық басылымдар камералық вокал орындаушылары мен концертмейстерлерге пайдалы болады.

Сондай – ақ Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ер есімі-ел есінде = Мы помним, мы гордимся…» кітабы сыйға берілді. Бұл кітапта Ұлы Отан соғысында  қазақстандықтардың ерлігі, жерлестеріміздің фашизмді жеңуге қосқан үлесін баяндайтын фотосуреттер мен материалдар жинақталған.

Сыйға берілген кітаптар үшін «Дегдар» гуманитарлық қорына үлкен алғысымызды білдіреміз! Қорға шығармашылық табыстар тілейміз!

Яндекс.Метрика