Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда «Болашақ» стипендиясы өкілдерімен кездесу өтеді

22 сәуірде Қазақ ұлттық хореография академиясында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілімен, «Болашақ» стипендиясының ресми әкімшісімен ақпараттық кездесу өтеді.

Кездесуде Академия студенттері мен қызметкерлеріне «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқудың қолжетімді мүмкіндіктері туралы айтылады, сондай-ақ конкурсқа қатысу шарттары мен «Болашақ» стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеу қағидалары түсіндіріледі.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар стипендия аясында шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге қатысты сұрақтар қойып, жауаптар ала алады.

Хореография және өнер факультеттерінің студенттерін, сондай-ақ оқытушыларды ақпараттық кездесуге қатысуға шақырамыз.

Өтетін уақыты мен орны: 22 сәуір сағат 11.30, Академияның конференц-залы.

Яндекс.Метрика