Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда жұмыс берушілер кеңесінің отырысы өтті

20 сәуір күні Қазақ ұлттық хореография академиясында жұмыс берушілер кеңесінің алғашқы отырысы өтті.
Академияның қазіргі жұмыс берушілері кірген кеңес білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша жұмыс берушілер кеңестерін құру туралы жоғары оқу орындарының академиялық мәселелер жөніндегі проректорларымен өткен ҚР БҒМ кеңесінің шешімі бойынша құрылды.
Бұл Кеңес қазіргі заман талаптарына сай келетін болашақ мамандардың құзыреттерін қалыптастыруға, сапалы білім беру ортасын қалыптастыру саласындағы міндеттерді шешуге, еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып, мамандарды даярлау бағыттары бойынша ұйымдармен өзара іс-қимылды нығайтуға жәрдемдесуге арналған.
Кеңестің негізгі қызметі – оқу нәтижелеріне қойылатын талаптарға сәйкес білім беру бағдарламасын әзірлеу және Академия мәлімдеген оқу мақсаттарын іске асыру.

Академияның жұмыс берушілер кеңесінің құрамына:

Төраға – Канетов Нұрлан Исмағұлұлы – Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Душа танца» сыйлығының лауреаты, «Астана-Балет» театрының көркемдік жетекшісі.
Мүшелері:
Сейтбеков Рүстем Серікбайұлы – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының балет труппасының педагог-репетиторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері;
Байжанов Кабдулла Мұхатжанұлы – «Қазақстан Республикасы Спорттық би федерациялары қауымдастығы» ЗТБ президенті, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, WDSF халықаралық санаттағы төреші, DSA Азия би спорты федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі, DSA коммуникациялар жөніндегі директоры;
Агимбаева Қадиша Ермекбайқызы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театры» МКҚК көркемдік жетекшісі;
Джумагалиева Қаламкас Октябревна – «Мемлекеттік академиялық филармония» МКҚК «Шалқыма» халық би ансамблінің педагог-репетиторы.
Хатшы:
Дәулетқалиева Раушан Нұрымқызы – 7М02106-Арт-менеджмент білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты.
Кеңестің бірінші отырысы барысында келесі мәселелер талқыланды:
1. 7М02105-Арт-менеджмент (бейіндік магистратура) жаңа білім беру бағдарламасын әзірлеу
2. 6В02111-Балетмейстер өнері білім беру бағдарламасындағы жаңартуларды талқылау.

Әзірленген және жаңартылған білім беру бағдарламалары Академияның Ғылыми кеңесінің талқылауына ұсынылатын болады.

Яндекс.Метрика