Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда Мұхтар Шахановтың мерей тойына арналған кеш өтті

Қазақ ұлттық хореография академиясында ақын Мухтар Шахановтың 80-жылдық мерей тойына арналған «Өмір өзен» атты поэтикалық кеші өтті.

Іс-шара барысында студенттер Мухтар Шахановтың өлеңдері мен әндерін шырқап, композициялық қойылым көрсетті. Өнер факультетінің  профессоры Жанат Бабажанованың басшылығымен ұйымдастырылған сахналық көрінісімен «Арт-менеджмент» оқу бағдарламасында оқитын студенттер бейнелеген ерекше образдары арқылы көрермендерді тәнті етті.

Бұл сахналық көрініс студенттердің шығармашылық-креативті тұлғалық қалыптасуына әкелетін шеберхананың бастамасы болып табылады. Шығармашылық кеш тамаша поэзиялық әсермен өтіп, кеш қонақтарының көңілінен шықты.  

Яндекс.Метрика