Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда үздік арт-жоба байқауы өтті

14 сәуірде Қазақ ұлттық хореография академиясында Ғылым апталығы аясында білім алушылар арасында үздік АРТ-жоба байқауы өтті. Байқау «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасының студенттері арасында өтті.

Байқаудың мақсаты – арт-менеджмент саласында студенттердің білім және зияткерлік белсенділігін арттыру.

Байқауға барлығы 9 жоба ұсынылды:

  1. Сәду Бекарыс, 3 курс – ESCO «Метағалам қосымшасы» (ғылыми жетекшісі Бабажанова Ж.А.);
  2. Калиаскарова Малика, 3 курс – «Қазақ ұлттық ойындарына арналған Турнир» (ғылыми жетекшісі Бабажанова Ж.А.);
  3. Каркошев Рустам, 4 курс – «Q-музыка» музыкалық байқауының менеджменті» (ғылыми жетекшісі Бабажанова Ж.А.);
  4. Есеев Нуржан, 4 курс – «BIPL» музыкалық контентін әлеуметтік желілерде дамыту» (ғылыми жетекшісі Бабажанова Ж.А.);
  5. Бисентаева Диана, 4 курс – «Қазақстандағы продюсерлік қызметтің дамуы» қысқаметражды деректі фильм» (ғылыми жетекшісі Бабажанова Ж.А.);
  6. Кенжебаева Дана, 3 курс – «Мәдени алмасу» (ғылыми жетекшісі Бабажанова Ж.А.);
  7. Атабаева Галия, 1 курс – «Дон Кихот» театрлық қойылымды ілгерілету жобасы» (ғылыми жетекшісі Кулмаганбетова А.С.);
  8. Искакова Жулдыз, Омирзакова Дана, 1 курс – «Қазақстанның көркем әлеміндегі жаңа тұлғалар» көрме жобасы» (ғылыми жетекшісі Кулмаганбетова А.С.);
  9. Сембекова Айдана, Мырзагалиева Перизат, Бандурина Анастасия, 2 курс – «Ұлылардан мұра – Ұлы Дала» форум жобасы» (научный руководитель Жуматаева А. Р.).

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы 1 курс студенттері Искакова Жулдыз бен Омирзакова Дананың жобасына 1-ші орын берді. Олардың жұмысының мақсаты – Қазақстанның қазіргі жас суретшілері үшін көркемөнер көрмесін құру. Қазылар алқасы идеяны, жұмысқа деген креативті көзқарасты, орындалған жобаның сапасын және оны іске асыру мүмкіндігін жоғары бағалады.

2-ші орынды 3 курс студенті Сәду Бекарыс иеленді. Оның жобасы қазылар алқасының назарын өзінің өзектілігі мен технологиялығымен аударды, өйткені виртуалды шындықты құру – бұл шындыққа айналуы мүмкін болашақ.

3-ші орынды 4 курс студенті Каркошев Рустам иеленді. Ол аудиторияның орындаушылармен онлайн форматта кездесуін қамтамасыз ететін музыкалық менеджмент жобасымен таныстырды. Бұл Қазақстанда тәуелсіз музыканттардың жаңа буынын өсіруге мүмкіндік береді.

Студенттердің жұмыстарында заманауи тенденциялар мен инновацияларды ұстанатын өзекті идеялар бар.

Біз студенттерге сарқылмас шабыт, жаңа шығармашылық шыңдар, ең батыл және жасампаз идеяларды жүзеге асыруды тілейміз!

Яндекс.Метрика