Қабылдау комиссияларының байланыстары

Академияда VI Ғылым апталығы аяқталды

Қазақ ұлттық хореография академиясында Ғылым апталығы аяқталып, ғылыми іс-шаралардың ресми қорытындысы шығарылды.

Ғылым апталығы аясында Академия студенттері мен жас ғалымдарының ғылыми қызығушылығын қолдауға және дамытуға бағытталған көптеген қызықты және әртүрлі ғылыми іс-шаралар өткізілді: жобалар мен ғылыми зерттеулер байқаулары, пікірталастар, Израиль және Италия студенттерінің қатысуымен телекөпір және Академияның оқытушылары мен оқушыларының қатысуымен басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды.

Science Café-де білім алушылар мен оқытушылардың кездесуі композитор және қоюшы хореографтың шығармашылық зертханасына экскурсия жасауға мүмкіндік берді. Кездесу спикері болып 1 оқу жылының докторанты Айсұлу Тани баяндама жасады.

Science Café-ден кейін Иерусалим музыка және би академиясы (Израиль), Ұлттық би академиясы (Италия) және Қазақ ұлттық хореография академиясы студенттерінің ерекше онлайн кездесуі өтті. Телекөпірге қатысушылар шетелдік ЖОО-да оқу туралы әсерлерімен бөлісті, еуропалық білім беру жүйесін қазақстандық жүйемен салыстырды.

Телекөпір сұхбатпен жалғасып, оның барысында сұрақтар қойылып, алғыс сөздер мен тілектер айтылды.

Ғылым апталығының барлық қатысушыларына белсенді қатысқаны үшін зор алғысымызды білдіреміз! Ғылыми және шығармашылық салада сәттілік тілейміз!

Яндекс.Метрика